Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жаратылыстану бағытындағы пәндер сабақтарында көптілділікті енгізу

Көптілділікті енгізу аясында 2021 жылдың 30 наурызында "Физика, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде енгізу және оқыту әдістемесі" атты қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің жаратылыстану бағытындағы пәндер мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: көптілділікті енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Білім бөлімінің әдіскері Н. Капчикова алғы сөз сөйледі. Көптілді оқыту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру туралы № 18 орта мектеп директорының орынбасары Г.Крючкова айтып берді. Семинар аясында № 18 орта мектептің физика, биология және информатика мұғалімдері көптілділік бағдарламасын табысты енгізудің сырларымен бөлісті. "Team-teaching - физиканың панорамалық сабағын" физика пәні мұғалімдері Д. Еңсебаева, Г. Крючкова көрсетті. Биология пәнінің мұғалімі Е.Суружий биология сабақтарында сөздік қорын кеңейту туралы айтып берді.
Ш.Қадырбаева информатика сабағында ағылшын тілін енгізу кезінде қандай білім беру сайттарын қолданатыны туралы бөлісті.
Н. Дюсупова "Биология сабақтарында жұптық және топтық жұмысты ұйымдастыру" туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара қорытындысы бойынша рефлексия жүргізілді. Қатысушылар семинарға жоғары баға берді.