"STEM-білім беру: болашаққа бағдар" тақырыбында онлайн семинар
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша "Мұхтар Әуезов атындағы № 17 орта мектебі" КММ-де 2021 жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша "STEM-білім беру: болашаққа бағдар" тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің физика, химия, биология, информатика, технология мұғалімдері қатысты. Семинар білім беру бөлімінің әдіскері Н. Капчикованың құттықтау сөзінен басталды, ол STEM білім берудің маңыздылығы туралы айтты, 2020 жылында қаланың 6 мектебінде STEM кабинеттері ашылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И. Н. Кованова "STEM-білім беруді мектеп қызметінің тәжірибесіне енгізу" тақырыбында баяндап берді. Семинар барысында химия мұғалімі Н.А.Иванова, физика мұғалімі И.А.Қағазбаев, информатика мұғалімі Н.Ж. Хамзина өз сабақтарында STEM-технологиясын қолдану бойынша өз тәжірибелерін ұсынды. Технология мұғалімі С. Г. Кадыров STEM-кабинеттегі жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді, ол 8-сыныптарда "STEM-технология" вариативтік курсын жүргізеді. Семинар қатысушылардың жоғары бағасын алды.