Кіріктірілген оқыту форматының білім беру үдерісі жағдайында балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алудың өзекті мәселелері
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік қызметінің басшылығымен 2021 жылғы 27 сәуірде zoom платформасында қала мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Оқытудың аралас форматындағы білім беру үдерісі жағдайында балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша кезекті семинар-практикум өтті.
Жұмыстың мақсаты ұсынылған тақырып бойынша өзекті мәселелерді шешу және қала мектептерінің педагог-психологтары арасында тәжірибе алмасу болып табылады. Семинар барысында оқытудың аралас форматындағы білім беру үдерісі жағдайындағы алдын алу шараларының ерекшеліктері баяндалды. Іс-шара барысында аталған тақырып бойынша қойылған міндеттер іске асырылды. Іс-шара барысында теориялық материалдар ұсынылып, қала мектептерінің педагог-психологтары практикалық қызмет дағдыларын пысықтады: С.А.Иванова («Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ), А.Е.Гущина («Бриг» жеке бизнес-мектебі), И.Н.Антипина («№ 13 орта мектебі» КММ), Т.М. Никифорова («Меновной орта мектебі» КММ) және «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі Е.С.Михеева Семинар-практикум жоғары кәсіби деңгейде өтті, әріптестерге алғыс білдірді.