Өзіндік білім алу -педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарылатуының бір түрі
Қалалық жас мамандарға арналған «Өзіндік білім алу -педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарылатуының бір түрі» атты семинар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаратылыстану ғылыми пәндер әдістемелік бірлестігімен онлайн-конференция өткізілді. Семинар қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикованың алғы сөзімен басталды. Семинардың теориялық бөлімінде әдістемелік бірлестік жетекшісі Е.Н. Ушакова өзіндік білім алу тақырыбы бойынша теориялық негізін ашты. Биология пәнінің мұғалімдері С.К.Таныбаева, өзіндік білім алу жоспарын құру бойынша ұсыныстар берсе, А.С. Мужебаева дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлау туралы тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың практикалық бөлімінде химия пәнінің мұғалімі Ж.Ф. Армиева АКТ қолданудың тиімділігі жайлы практика жүзінде көрсетіп, семинарға қатысушылар мен квест ойынын өткізді. Семинар жоғарғы деңгейде өтіп, соңында қатысушылар көптеген жылы лебіздерін білдірді.