Білім бөлімінде әдістемелік кеңес өткізілді
Білім бөлімінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. «Міндетті пәндер бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған № 8, 13, 20, 23, 45 мектептердің әдістемелік қызметінің жұмысы туралы" мәселе қаралды. Қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.З. Нурпейсова математика және физика пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын арттырудағы қала мектептерінің әдістемелік қызметінің рөліне тоқталды. Әдіскерлер Л.С. Сапарова, З. С. Скакова қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің білім сапасын арттыру бойынша мектептердің әдістемелік жұмысын қарастырды. Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша мектептегі әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.