Инновациялық ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу және апробациялау бойынша вебинар
Білім берудегі жаңа инновациялық жобалар туралы қаланың білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен «Балабақшалар, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіндегі инновациялық ғылыми-білім беру жобаларын, технологиялар мен әдістемелерді теориялық әзірлеу және апробациялау» тақырыбындағы вебинар болып өтті. Онлайн-семинардың спикері – педагогика ғылымдарының докторы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының және Конкорд Франция Халықаралық Академиясының академигі, Халықаралық Экология және Тіршілік қауіпсіздігі ғылымдары Академиясының Орталық Азия қауымдастығының президенті Андрей Васильевич Ахаев болды. Андрей Васильевич «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ-нің ғылыми жетекшісі және негізін қалаушы, «Science Travel» шығармашылық және тағылымдама халықаралық мектебі, «Мектептегі білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісін валеологизациялау» атты республикалық пилоттық жобасының бастамашы-әзірлеушісі. Осы мәселе бойынша 10-нан астам эксперименттік мектеп ашудың бастамашысы.