«Лев Гумилев атындағы № 38 Гимназия» КММ - нің рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің бағыттары бойынша жобалық- инновациялық тәрбие жұмысының тәжірибесін қалалық деңгейде трансляциялау»
2021 жылдың 28 сәуірінде Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Ж. К. Женабаеваның ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Л. Гумилев атындағы № 38 Гимназия" КММ - нің рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің бағыттары бойынша жобалық- инновациялық тәрбие жұмысының тәжірибесін қалалық деңгейде трансляциялау туралы онлайн режимінде вебинар өтті.
Вебинарға қала мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директорлары мен меңгерушілері қатысты. Семинар барысында модератор Ж.К. Женабаева рухани-адамгершілік тәрбие мен дамудың мәні мен құндылықтарына үлкен назар аударды, осы тақырыптың өзектілігі туралы айтты. Осыған орай, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Л.Гумилев атындағы № 38 Гимназия" КММ педагогикалық ұжымының бәсекеге қабілетті, рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің бағыттары бойынша инновациялық жұмыстарының өзіндік ерекшелігі мен нәтижелілігі бар озық тәжірибесі ұсынылды.
Гимназия көшбасшысы, директоры - Чернышева Инесса Александровна мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Макаева Эльмира Рахманкуловна- рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің бағыттары бойынша жобалық – инновациялық тәрбие жұмысының озық іс- тәжірибе жобасын ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша кері байланыс жасалып, сындарлы диалог барысында «Лев Гумилев атындағы №38 гимназия» педагогикалық бәсекеге қабілетті ұжымының рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің бағыттары бойынша жобалық- инновациялық тәрбие жұмысының тәжірибесі жоғары деңгейде бағаланып, оң бағасын алды. Бұл инновациалық тәрбие жобасының озық тәжірибесі «Білім берудегі инновациалар» республикалық журналына басылымға шығатыны жайлы айтылды.