Білім бөлімінде басшылық жанындағы кеңес өтті
Білім бөлімінде 2021 жылдың 21 мамырында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті. Модератор, білім бөлімі басшысының м.а. Сауле Алагузова кеңестің күн тәртібімен таныстырды.
2020-2021 оқу жылының аяқталуы, 9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралы жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі ұйымдар және тәрбие секторының басшысы Г.Турарова айтып берді.
Қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.Нурпеисова "2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру туралы" баяндады. Өз сөзінде Айбарша Зейноллаевна "Жазғы мектеп" жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға тоқталды.
Білім беру ұйымдарында "Оқитын мектеп" республикалық жобасын іске асыру барысы туралы білім бөлімінің әдіскері Т.Лисянских, № 1, 12, 18 мектеп директорлары Ә.Сайлаубек, О.Ананишникова, С. Варакина тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты жетілдіру бойынша уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарылды.