Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«2021 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы»  қалалық ата - аналар жиналысы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір баланың жасына, денсаулығы мен қажеттіліктеріне сәйкес демалуға және бос уақытын пайдалануға құқығы бар. Мемлекет балалардың демалуына, сауығуына және бос уақытта құқығын қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, санитарлық - эпидемиологиялық жағдайды және КВИ-мен күреске байланысты шектеу іс - шараларын ескере отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау және қорғау, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жазғы кезеңде тиісті және қауіпсіз бос уақыты мен демалыс  мәселелері бойынша жұмысты жандандыру қажет.

2021 жылғы 24 мамырда онлайн режимінде ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі қала прокуратурасымен бірлесіп «2021 жылға демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» тақырыбында қалалық ата-аналар жиналысын өткізді.

Мақсаты: балалардың бос уақыты мен демалуының қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасау, балалар жарақаттануының, құқық бұзушылықтарының алдын алу және балаларға ата-ана бақылауын күшейту.

Жиынға қала мектептерінің ата-аналар қоғамдастығы кеңестерінің өкілдері, мектеп әкімшілігі, педагогтар, ТЖ және ІІБ шақырылған қызметкерлер қатысты.

Жиналыс барысында жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру мәселелері тыңдалды. Ата-аналар алдында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен: лейтенант, Өскемен қаласы ТЖ басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері А.М.Мухамеджанов, полиция капитаны, сол жағалау ПБ ЖПҚБ ЖПҚБ аға учаскелік полиция инспекторы Ж.Т.Шакерова, полиция майоры, Үлбі ПБ ЖПҚБ ЖПҚБ аға инспекторы Бахыт Ахмергенов сөз сөйледі.

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры А.Р.Бейсембаева ата-аналар мен педагогтарға балалардың заңды құқықтарын сақтау және орындау бойынша ұсыныстар берді.

Дағдарыс жағдайында ата - аналар мен балаларға көмектесу үшін оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметіне көмек ұсынылды, сенім және қолдау телефондары жеткізілді. Сонымен қатар, қаланың ата-аналары алдында білім бөлімінің жанындағы қала мектептерінің ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің төрағасы В.В.Шишлянников шағын аудандардағы инспекторлардың жұмысына қолдау көрсету кезінде әкелердің мектеп кеңестерінің қызметін жандандыруды ұсынды.