Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті

2021 жылғы 24 маусымда  онлайн форматта Өскемен қаласының мектептерінде Бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: балалардың дене бітімін дамыту және денсаулығын нығайту, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты психологиялық-педагогикалық қолдау және алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Семинар ШҚО полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы және өңірлік жоғары оқу орындарымен бірлесе өткізілді.

Семинар барысында оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, репродуктивті денсаулық, девиантты мінез-құлықты балалар санын азайту және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін тиімді жұмыс түрлерін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ жасөспірімдерге, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық әдістер мен ұсынымдар таныстырылды.