Педагогикалық менеджменттегі білім беру сапасын басқару
2021 жылғы 26 тамызда Өскемен қаласы бойынша білім ұйымдары басшыларының «Педагогикалық менеджменттегі білім беру сапасын басқару» атты тамыз қалалық панельдік сессиясы өтті. Спикерлердің қызықты мазмұнды баяндамалары: қалалық білім бөлімінің басшысы С.Б. Алагузова құттықтау сөзінде педагогтердің сапалы білімі мен кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін қала мектептерінің ерекше инновациялық миссиясын белгіледі, ШҚО білім басқармасының тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту бөлімінің басшысы А.Х.Нускенова «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын іске асыру арқылы мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізу туралы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің алдын алу туралы ШҚО бойынша ДАПК бас маманы Ж.К.Кусаинова, «Bilimland» маркетинг бөлімінің маманы С.Алибекова (Нұрсұлтан қ.) «Онлайн-мектеп» білім беру платформасының жаңа мүмкіндіктерімен таныстырды.
Орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар секторының меңгерушісі Г.К.Турарова жалпы, ҚӘК меңгерушісі А.З.Нурпеисова, қаланың білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Д.Ж.Нурмухамбетова 2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі таныстырды.
А.Пушкин атындағы кітапхана директорының орынбасары М.Б.Емельбаева қала мектептерінің оқушыларына арналған кітапхана қызметімен таныстырды. Сессия қорытындысы бойынша жаңа оқу жылында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою, тәрбие жұмысын күшейту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді.