Өскемен қаласы мектептерінің педагог-психологтарының секциялық отырысы
27.08.2021жылы Өскемен қаласы мектептерінің педагог-психологтарының «Жалпы білім беретін мектептерде психологиялық - педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті Ю.Е.Кукина, ҚР Президенті жанындағы АМУ ШҚО бойынша филиалының профессоры Г.В. Грызунованың қатысуымен тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті. Тәрбие-профилактикалық бағыттағы жұмысты жандандыру, ЖОО оқытушылары мен мектеп педагог-психологтарының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, жұмыс келешегі мәселелері қозғалды.
Өткізілген іс-шара барысында «2020-2021 оқу жылына қала мектептерін психологиялық-педагогикалық қолдауды талдау», жаңа 2021-2022 оқу жылына арналған міндеттер» тақырыбында білім бөлімінің әдіскерінің баяндамасы тыңдалды. Педагог-психологтардың баяндамалары тыңдалды: А.С.Жомартова (№ 19 қббмо), М.Елемес (№ 48 қббмо), Т.В.Смирнова (Л.Гумилев атындағы № 38 гимназия); А.Б.Бауыржанова, А.Т.Хизина (Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицей).
Соңында секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.