Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының мектептерінде «10 қыркүйек - Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні» акциясын өткізу туралы

Өскемен қаласының барлық мектептерінде білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні (10 қыркүйек) жыл сайын өткізіледі.

Отбасы ішіндегі шиеленісті қатынастарды төмендету бойынша ата-аналардың балалармен сындарлы мінез-құлық стратегияларын әзірлеу, ата-аналар мен балалар қатынастарымен айналысатын қалалық құрылымдар туралы хабардар етубойына балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында балалардың девиантты мінез - құлқы проблемаларының спектрін және балалардың дамуындағы ата-аналардың рөлін анықтау бойынша мектептердің педагогикалық ұжымдарымен жеке практикалық жұмыс жүргізілді.

Суицидтің алдын алу акциясын өткізу барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

- «Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні: фактілер мен сандар» және т.б. педагогикалық ұжымдардағы таныстырылымдар;

- «Мен, менің мектебім, менің отбасым» қашықтық алаңы;

            - «Оқушы және заңның аумағы»  мектеп инспекторымен тілдесу сағаты;

         - Денсаулық сағаты: Мектептің медицина қызметкерімен тілдесу сағаты;

- «Менің интернет желісіндегі қауіпсіздігім», «Отбасы және мектеп», «Интернет желісіндегі 10 ереже» және т. б. сынып сағаттары;

- «Балаларымыздың жарқын болашағы» атты ата-аналармен онлайн-тілдесу;

- «Өмір ырғағында» музыкалық үзіліс;

- Мектептегі өмірді растайтын мотивациялық постерлер көрмесі;

- Онлайн сұхбат  «Мен үшін өмір...», «Мен сізге құпияны айтайын ...» т. б.;

- Отбасылық спорттық іс-шараларды өткізу «Отбасымен бірге!», «Анам, әкем және мен - тату отбасы!» және т.б.

 - Суреттер байқауы «Бұл әлем қандай әдемі, қарашы!» және т. б.;

- «Оқушылар шығармашылығы сарайы» КМҚК қызмет көрсету іс-шаралары, әлеуметтік желілерде тарату, педагогтарға, оқушыларға және олардың ата-аналарына ақпараттық бюллетендер тарату;

- «Сенім поштасы» жәшігі.