Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Отбасым-менің қуанышым

2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында Отбасы күні атап өтіледі.

Ахмер орта мектебінде Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарға тәрбиелеу, балалар мен ата-аналар арасындағы жақсы сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, бірлескен шығармашылық қызметке баулу арқылы отбасын біріктіруге, ата-аналар мен балаларды жақындастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.  Бастауыш сынып балаларымен "Отбасы-менің қуанышым" атты асфальтта сурет салу конкурсы, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Анам, әкем және мен-бірге мықты отбасы» спорттық эстафетасы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.