Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сынып сағатын өткізу туралы

2021 жылдың 14 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 «М» сыныбында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сынып сағаты өткізілді, оны сынып жетекшісі Шелеп Наталья Анатольевна дайындап жүргізді. Іс-шара оқушылар арасында азаматтықтың, патриотизмнің негізін қалыптастыру, Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну және Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы білімдерін бекіту, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу және елдің өміріне араласу мақсатында өткізілді.

Іс -шара барысында оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылды, мұнда олар ұсынылған ақпарат бойынша Тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін талқылауға болатынын болжауға тиіс еді.

Осылайша, оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы бес жетістіктерін атады:

• көп ұлтты мемлекет, халықтардың бірлігі;

• ядролық қарудан бас тарту;

• спорттық жетістіктер – елдің мақтанышы;

• цифрлық Қазақстан;

• «Болашақ» жобасы.