Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Отбасы күні мен Аналар күніне арналған іс-шаралар туралы

2021 жылғы 12 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін № 37 көпбейінді орта мектепте Отбасы күніне арналған «Менің отбасымның сүйікті істері» және Аналар күніне арналған «Әлемдегі ең сұлу әйел» атты фотокөрмелер өткізілді. Фотокөрмелер отбасылық тәрбиені өзектілендіру, балалардың бойына отбасы туралы аса зор адами құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, өз отбасын мақтаныш ету мақсатында ұйымдастырылды.