Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Kundelik" толтыру мониторингі бойынша кеңес

2021 жылдың 22 қыркүйек күні білім бөлімінде "Kundelik.kz" ААЖ толтыру мониторингі бойынша онлайн режимде кеңес өткізілді. Кеңеске ақпараттандыруға жетекшілік ететін қала мектептері директорларының орынбасарлары қатысты. Білім беру бөлімінің әдіскері Н. Капчикова қатысушыларды облыс және Өскемен қаласы бойынша 12.09-18.09 аралығындағы мектептердің "Kundelik.kz"-тегі  белсенділік рейтингімен таныстырды. Кеңес барысында қатысушыларға "Kundelik.kz" статистикасының негізгі көрсеткіштері түсіндірілді, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.