Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Family and Friends Kazakhstan edition» тренинг-семинары ұйымдастырылды

Ағылшын тілі пәнінен жаңартылған білім беру мазмұны негізінде 2 сыныпқа арналған әдістемелік құрал бойынша «Family and Friends Kazakhstan edition» тренинг-семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының базасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен «InterPress Distribution» компаниясының «Family and Friends Kazakhstan edition» тренинг-семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының ағылшын тілі пәнінің 21 мұғалімі қатысты. Шара аясында «InterPress Distribution» компаниясының өкілдері Серимбетов Нұржан және Подхомудникова Светлана Юрьевна 2 сыныпқа арналған ағылшын тілін оқыту барысында қолдануға болатын оқу-әдістемелік кешендер, оның ішінде жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік құрал және аудиожазбалар жинақтарымен таныстырды.

Семинар қорытындысындағы кері байланыста қатысушылар ағылшын тілін оқытуда оқу-әдістемелік құралдарының тиімділігін және мұғалімдер мен оқушыларға пайдасы зор екенін атап өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері әдістемелік құрал бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Барлық қатысушыларға «InterPress Distribution» компаниясының атынан 2 сыныпқа арналған «Family and Friends» әдістемелік көмекші құралдары табысталды.