Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектеп ортасында ерте жүктіліктің алдын алу

2021 жылдың 14 қазанында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 27 орта мектебі»  КММ ӘҚБ қызметімен    «Денсаулық»  емханасының дәрігер -педиатры Светлана Владимировна  Суркованың  қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу аясында 8 - 10 сынып қыздарына дәріс ұйымдастырылды.

Дәрістің мақсаты - ерте жүктілік мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, жасөспірімдерде салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

Ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктіліктің қауіптілігі неде? атты тақырыптарда сұрақтар талқыланды.  Өткізілген кездесу мазмұнды, ең бастысы жасөспірімдер үшін пайдалы. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, дәрігер - маманның ұсыныстары берілді.