Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Лидица" атты халықаралық көрме байқауына қатысуы туралы

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Жұлдыз"балалар өнер мектебі" көркемсурет  бөлімінің оқушылары жыл сайын "Лидица" атты балалар көркем туындыларының халықаралық көрме байқауына қатысады. "Лидица"  көркем туындыларының халықаралық көрмесі 1967 жылы Чехияның Лидица ауылында неміс фашисттерінің қолынан құрбан болған және басқа да әскери қақтығыстарда қайтыс болған барлық балаларды еске алу үшін құрылған. Біздің оқушылар жыл сайын осы байқауға үлкен қызығушылықпен қатысады. "Лидица-2021" балалар көркем суреттерінің 49-шы халықаралық көрмесінің тақырыбы "Робот және жасанды интеллект" деп аталды. Чех Республикасындағы байқауға дарынды жас суретшілеріміздің 54 жұмысы жіберілді. Әр қатысушы өзінің барлық  қиялын пайдаланып, Роботтар әлемін барынша бейнеледі. Бұл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен  151 бала қатысып, олардың біреуі ғана Құрметті дипломға ие болды. Ол біздің оқушымыз Агланбекова Үміт, ол педагог Светочева Светлана Николаевнаның тобында оқиды. Біз  дарынды оқушыларымыздың жетістіктерін әрдайым мақтан тұтамыз.