Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Кездесу "Ай қонағы" жобасы аясында

Қазан айының 14 - ші жұлдызында Оқушылар шығармашылық сарайының кезекті қонағы ШҚО білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі»-нің фортепиано мұғалімі, концертмейстер Кереибаева Айжан Камбаровна болды.

Кездесу "Ай қонағы" жобасы аясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Кездесу қала оқушыларымен  қашықтық форматта өтті. Кездесу барысында Айжан Камбаровна өскелең ұрпақпен өз тәжірибесімен бөлісіп, жақсы музыкант болу, қойылған мақсатқа қол жеткізу кезінде қиындықтарды жеңу үшін не істеу керектігін айтты.