Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Пейнтболдан Турнир өтті

2021 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласының «Lord Gun» белсенді демалыс орталығында «Әскери-патриоттық тәрбие беру және жастарды әскери қызметке ынталандыруды арттыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік тапсырысын іске асыру шеңберінде әскери-патриоттық клубтар мен мамандандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері арасында пейнтболдан Турнир өтті.

Жасөспірімдер командаларының бірін «Жас құтқарушы» секциясына қатысатын тәрбиеленушілері, №4 мектептің кадеттері: Сағидолла Диас, Хайдаров Ғалым, Худиев Ратмир, Петров Максим құрады.

Балалар алғашқы минуттардан бастап көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде құрмет тұғырына «Жас құтқарушы» орталығының тәрбиеленушілері, №4 мектеп оқушылары көтеріліп, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.