Қалалық «Жас оқу ісінің меңгерушісі мектебі»
2021 жылдың 17 қарашасында қалалық «Жас оқу ісінің меңгерушісі мектебі» «Жас мұғалімдер мектебінің жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыпта сабақ өткізді. Бұл қалалық іс - шараға Өскемен қаласының мектеп директорының 50-ден астам жас орынбасарлары қатысты. Білім беру бөлімінің ҚӘК меңгерушісі А.З.Нурпеисова МӘҚ жұмысының мақсаты және міндеттерімен таныстырды.
Қалалық «Жас оқу ісінің меңгерушісі» мектебінің жетекшілері, спикерлер № 48 орта мектеп директорының орынбасары, Н.И.Шабалова мен № 13 орта мектеп директорының орынбасары Н.Р.Дорнның мазмұнды баяндамалары атап өтілді.
Талқылауға № 2, 7, 15, 26, 47 мектеп директорларының жас орынбасарлары белсенді қатысты. Коучинг қорытындысы бойынша «Жас оқу ісінің меңгерушісі мектебі», «Мектептегі тәлімгерлік» жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.