Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

”Гүлденген Жер - гүлденген Қазақстан” атты экологиялық жобалардың қалалық байқауы

2021 жылдың 15-24 қараша аралығында, 8-10 сынып оқушылары үшін  ”Гүлденген Жер - гүлденген Қазақстан” атты экологиялық жобалардың қалалық байқауы өткізіледі.

Мақсаты – оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, балалардың дарынды тәжірибеге бағытталған шығармашылық әлеуетін дамыту.

Қатысушылар құрамы: қала мектептерінің 8-10 сынып оқушылары.

Өткізу тәртібі:

2021 жылғы 24 қарашаға дейін – «ОЗ Экобиоорталықтың» ecobiocentre@list.ru электрондық мекенжайына өтінімдер жіберіледі. Жоба қатысушылары бір оқушы да, сондай-ақ 5 адамға дейінгі оқушылар командасы да жасаған жобаларды ұсына алады.