Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің вебинарының өтуі туралы

26.10.2021 күні № 45 орта бейіндік мектебінде қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Білім олқылықтарының орнын толықтырудың жүйелі жүргізілуі - жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу»  атты вебинары өтті. Вебинарға қала мектептерінен 24 мұғалім қатысты.

«Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша білім жоспарымен» әдістемелік комиссиясының жетекшісі А.О Халелова баяндап өтті. Қазақ тілі сабақтарында «Дананың кілттері» әдістері арқылы оқу мақсатырына қол жеткізу бойынша  пән мұғалімі Н.М. Уркунчинова қысқаша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. «Эссе жазудағы олқылықтардың орнын толықтырудың тиімді әдіс- тәсілдері»  тақырыбында пән мұғалімі Е.Булатханұлы эссенің құрылымына егжей-тегжей тоқталып өтті.  С.С.Мадыева 9-сыныптағы әдебиет сабағындағы оқу мақсатына сай «Үштік талдау» әдісі арқылы теория мен практиканы байланыстыра, сабақтан үзінді көрсетті.

Семинар соңында рефлексия жасалды. Семинарға  қатысушылар  алған ақпараттардың маңыздылығы, құндылығы жайлы ой-пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.