Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Дала қоңырауы» атты ғылыми-практикалық конференция

Ыбырай Алтынсариннің есімі танымал тарихи қайраткерлермен қатар аталып, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған. 5 қарашада қаладағы Ы.Алтынсарин атындағы № 39 орта мектеп педагогтары,  Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Дала қоңырауы» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Конференцияға қала мектептерінің білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиет пәндерінің модератор, сарапшы, зерттеуші санаты бар  мұғалімдер қатысты. Конференция 3 бағытта жүзеге асты.

Практикалық конференцияның негізгі бағыттары:

  1 - бағыты - Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік маңызы (модераторлар үшін практикалық негізде).

  2 - бағыты - Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер және оның мақсаты қандай болатын? (сарапшылар үшін қазіргі заманауи мектептермен ұқсастығы және айырмашылығына тоқталу).

  3 - бағыты - Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектері және оның бүгінгі таңдағы маңызы (зерттеушілер үшін педогогикалық еңбектерінің бүгінгі күнгі рөлін ашып көрсету)

  Қатысушылардың пікірінше конференция жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер тәжірибе алмасып, біліктіліктерін ұштай түсті.