Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өзекті  тақырыпты дұрыс таңдап алу және онымен жұмыс істеудің өзіндік үрдісі

10 қараша 2021 жылы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова  қаланың жас мұғалімдері мен жаңадан келген мұғалімдері үшін «Өзекті  тақырыпты дұрыс таңдап алу және онымен жұмыс істеудің өзіндік үрдісі» атты тақырыпта қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты - әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында әдіскер З.С.Скакова  оқушылардың 21 ғасыр дағдыларын дамыту - бүгінгі күні өзекті мәселе екендігін атап көрсете отырып, ХХІ ғасырдың басында әлем халқының басым көпшілігі оқи, жаза және санай алады, бірақ бұл дағдылар жаңа күрделі әлемде жұмыс істеу үшін жеткіліксіз.  Білім беру қоғамдастығында «4К» деп аталатын сауаттылықтың жаңа тізімі танымал бола бастағандығына нақты мысалдармен тоқталып өтті.

Вебинер соңында әдіскер мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

Вебинар өте жоғары дәрежеде өтті.