Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Менің отаным – Қазақстан» қалалық ғылыми – практикалық конференциясы

2021 жылдың 22 желтоқсан күні, 6-9 сынып оқушылары үшін «Менің отаным – Қазақстан» қалалық ғылыми – практикалық конференциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қолдауымен «Оқу-зерттеу экобиоорталығымен» өткізілді.   

Конференция мақсаты – адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерге қатысты жас зерттеушілердің экологиялық мәдениеті мен белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.    

Конференция барысында жас зерттеушілер аймақтық экология, ботаника, зоология, химия, өлкетану, валелология, жаңа технологиялар саласындағы өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.