Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған робототехникадағы «Қызықты геометрия»
20 желтоқсанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының базасында робототехника бойынша «Қызықты геометрия» сабағы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - робототехника, оның адам өміріндегі маңызы, техникалық құралдарды ойлап табу және өндірумен байланысты мамандықтар туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру. Аталған іс-шараға орталықтың 15 тәрбиеленушісі қатысты. Сабақ барысында қосымша білім беру педагогтары Г.А. Сагадыева және Г.П. Мухтарова Matatalab жиынтығын қолданды. Matatalab - алгоритмдер мен бағдарламалау негіздерін үйренуге арналған конструктор. Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.