Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Педагогикалык идеялар фестивалі

2021 жылдың 08 желтоқсан айында Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі Республикалық байқауының қалалық деңгейде «Педагогикалық идеялар фестивалі» өткізді. Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық деңгейінің жүзеге асруын және кәсіби өcyiн ынталандыру, Өскемен қаласы мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Байқауға 60-тан астам педагог қатысты.

Байқау бес бағыт бойынша өтті: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң...», «Психолог сандықшасы». Қатысушылар байқауда бағыт бойынша өз педагогикалық идеяларын және шығармашылығын көрсетті.