Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім беру сапасын тиімді басқаруға арналған мектепішілік бақылау жүйесі

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру - бұл функцияның қызметі мен рөлін, оның мақсатты бағытын түсінуді және әртүрлі технологияларды игеруді қажет ететін мектеп басшысының ең күрделі іс - әрекеттерінің бірі.

2022 жылғы 19 қаңтарда Өскемен қаласының білім беру бөлімінде ZOOM платформасында «Білім беру сапасын тиімді басқаруға арналған мектепішілік бақылау жүйесі» тақырыбы бойынша директордың жаңадан тағайындалған орынбасарлар мектебі өткізілді.

Семинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім беру үдерісі нәтижелерінің тиімділігін арттыру. Білім беру үрдісінің даму үрдістерін талдау және болжау бойынша мектеп басшыларының жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Іс - шараға Өскемен қаласы мектептерінің 50-ден астам директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

Қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі  А.З.Нурпеисова өз сөзінде дәл осы мектепішілік бақылау қажетті буын болып табылатынын, оның қорытындысы бойынша талдау мен іс - әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру үдерісінде қажетті түзетулерді жүзеге асыратын реттеу функциясы жұмыс істей бастайтынын атап өтті. Директордың орынбасарлары  Н.Р.Дорн (№13 орта мектеп), Н.И.Шабалова (№ 48 орта мектеп) мектепте мектепішілік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар туралы айтты.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.А.Смагулова (№ 49 ОМ), А.Ф.Полковникова (№ 30 ЖББМ), Е.С.Клименко (№ 37 ОМ) бақылау  түрлерін жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары А.К. Нурсадыкова (№ 43 МЛ), Т.В.Захарова (№ 19 БҚОО) сабақты талдаудың түрлі сызбаларымен, сабаққа қатысудағы негізгі мақсаттардың қойылуын және оның қорытындысы жайлы  таныстырды.

Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. Семинарлардың электрондық материалдары қала мектептері директор орынбасарларының чатына жолданды.

Семинарға қатысушылар қаралатын мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын, спикерлердің мазмұнды баяндамасын атап өтті.