Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған вебинар өтті
2022 жылдың 19 қаңтар айында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының оқу - тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер» атты тақырыпта вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын оқытуда және тәрбиелеуде инновациялық тәсілдерді қолдану.
Вебинар өткізу барысында спикерлер бастауыш сынып оқушыларының оқу - тәрбие қызметін ұйымдастыру бойынша инновациялық тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын белгіледі.
Оқушылардың оқу сауттылығын қалыптастыруда платформамен жұмыс жасау бойынша іс тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинардың қорытындысында қатысушыларға оқушыларының оқу -тәрбие қызметін ұйымдастыру бойынша инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша ұсыныстар берілді.