Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Педагогикалық идеялар фестивалі

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының екінші облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Өскемен қаласы мектептерінің үш мұғалімі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болды:

«Шеберлік палитрасы/ қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер» І  орын  - Л.А.Фоминых, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп - гимназиясы»  КММ,  орыс тілі және әдебиет пәнінің  мұғалімі.

«Шеберлік палитрасы/  «Сабақ қашан аяқталды... ?» І орын - Г.К.Дюзбенбекова,  ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 27 орта мектебі» КММ,  орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.

«Шеберлік палитрасы/физика - математикалық бағыттағы пәндер» 3 орын - Т.В.Ларионова, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектеп»  КММ,  физика пәнінің мұғалімі.

Бірінші орын иегерлеріне сәттілік, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының үшінші кезеңінде шығармашылық табыс тілейміз.