Ахметова Лайла Сейсембекқызы «1941. Брестская крепость. Казахстан»: кітаптың тұсаукесері

2016 жылы 9 қараша күні Абай атындағы кітапханада тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры – Ахметова Лайла Сейсембекқызының «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылық қолдауымен, Ұлы Отан соғысының басталуының және Брест қамалын қорғаудың 75 жылдығы құрметіне шығарылған.
Тұсаукесер барысында Л. С. Ахметова қатысушылармен Қазақстандық Брест қорғаушылар туралы жаңа материалдарды жинау бойынша тірі қалған ардагерлер естеліктеріне, архив материалдары мен 22 маусым 1941 жыл Брест қамалында болған полктер мен  құрамалардың құжаттарына жүгінгені жайлы,  Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Польша, Германия елдеріндегі архив, мұражайлар мен кітапханалардағы жұмыстары туралы бөлісті.
Осы аталмыш шараға  Ұлы Отан соғысының ардагерлері Топатаев Исағали Иманқұлұлы, Петр Михайлович Коломин, Михаил Гаврилович Червинский сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Л.Қ.Қадырова архив қорында сақталған Кеңес Одағының Батырлары Н.Н.Силиннің, А.А.Ибраевтың құжаттарын аталмыш шараға экспозицияланған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!» атты кітап көрмесіне қойып, құжаттар жайлы мағұлымат беріп өтті.
Кеш соңында автор «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының бірнеше данасын соғыс ардагерлеріне, кітапхана қорына, мұражайларға, оқу орындарына және біздің Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына тарту етті. Соғыс ардагерлері және еңбек ардагерлерінен құрылған халықтық хоры Жеңіс, Отан туралы әндерді орындап, келген қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.

«1941. Брестская крепость. Казахстан»

«1941. Брестская крепость. Казахстан»

«1941. Брестская крепость. Казахстан»

«1941. Брестская крепость. Казахстан»