«Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілген облыстық интернет-байқауының қорытындысы
Оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші отанын сүюге баулу мақсатында 2022 жылдың 24 – 25 ақпаны аралығында «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілген облыстық интернет-байқауы өтті.
Байқаудың қалалық кезеңіне Өскемен қаласы мектептерінің 7-9 сыныптарының 15 оқушысы қатысты.
Байқаудың номинациялары:
- «ТМД: тарихи естелік және жаңа ұрпақ. Тарихи очерк» номинациясы тарихи очерктер байқауы;
- «Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: Достастықтың мәдени мұра нысандары» номинациясы - туған өлкені зерттеу, өлкетану материалдарын жинақтау және жүйелеу, ТМД мәдени мұра объектілерінің
карта-плакатын жасау;
- «Халық шығармашылығы көрмесі» номинациясы - табиғи материалдан жасалған бұйым (саздан жасалған бұйым-ұсақ пластик, рельеф, горельеф, пласт, плакетка, медаль, қыш ісі, тал шыбығы және жүзім бұтағы, қарағай тамыры, шөп, қайың қабығы, жоңқа), «ою» және «сурет салу» (ағаш, мата, шыны, металл бойынша), кесте, шілтер тоқу, тоқыма, жамылғы пластикасы, ленталармен кестелеу, моншақ (панно, картиналар), бисермен өру (әйелдер әшекейлері) және т.б.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегерлері «Бриг» ЧБШ 7-сынып оқушысы Семенова Анастасия, №11 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Колесова Карина.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз, және алдағы уақытта табыс тілейміз!