Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Ұлы дала баласы » ұлттық білім байқауының Халықаралық кезеңіне қатысуы туралы

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп айтқандай, білім-жеңілмейтін қару. Білімге ұмтылған, білуге ұмтылған "Ыбырай Алтынсарин атындағы #39 орта мектебінің 28  оқушысы  «Ұлы дала баласы » ұлттық білім байқауының Халықаралық кезеңінде:

-қазақ тілі мен әдебиеті, -математика, -химия,

-тарих, -география, -ағылшын тілі пәндері бойынша жеңімпаздары атанып, Наурыз мерекесі қарасыңында жеңімпаздарды диплом және төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар, оқушыларға сапалы білім беріп, биіктерді бағындыруға үлес қосқаны үшін ұстаздарға да  алғыс хаттар табысталды.