Математика және физика пәндері бойынша күрделі есептерді талдау
2022 жылғы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеті көктемгі демалыс кезеңіндегі іс - шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде онлайн режимінде «Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауды ұйымдастыру. Математика және физика пәндері бойынша күрделі есептерді талдау». Семинар жұмысына Өскемен қаласы мектептерінен 100 математика және физика пәні мұғалімдері қатысты
ҚӘК меңгерушісі А.З.Нурпеисова ағымдағы оқу жылының 3 тоқсанының қорытындысы бойынша ақпарат беріп, 11-сыныптардағы математика және физика пәндері бойынша білім сапасына толығырақ тоқталды.
№ 3 мл (Ж.Хамитова, Ж.Зейнелхан, А.Зияда), № 10 мл (М.З.Адильгазинова, Э.Б.Токбаева), № 9 ОМ (И.Л.Бородулиха), № 16 ОМ (Ж.М.Куденова) математика және физика пәні мұғалімдері ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді.