Оқу және тәрбие жұмысы үрдісінде көптілділік саясатын жүзеге асыру жолдары
Ағымдағы жылдың 30 наурызында №19 ҚББ МО КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық практикалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Оқу және тәрбие жұмысы үрдісінде көптілділік саясатын жүзеге асыру жолдары».
Шара барысында қазақ және ағылшын тілдерін оқытуда жаңа әдіс -тәсілдерді енгізу бойынша баяндамалар тыңдалды. Семинарға қатысушылар алдында сөз сөйлеген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Сапашева өзінің алғы сөзінде толеранттылықты қалыптастыру және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу үшін көптілділіктің маңыздылығына тоқталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестік жетекшісі Б.С.Сейтказина өзінің баяндамасында ұстаздардың осы бағытта жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Е.В.Огнева «Тілдердің үштұғырлығы» жобасының мәніне: қазақ тілін - мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде зерделеуге тоқталды.
Қазақ тілі мұғалімдері Г.С.Садуақасова, А.Рыспайқызы, Т.Ә.Тасылбаева, Н.Б.Шегирова кіріктірілген сабақтарда жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру туралы айтты. Сондай-ақ, сыни және креативті ойлау, қарым - қатынас және ынтымақтастық құзыреттілігін қалыптастыруды («4K») өз сабақтарында ұтымды қолдана білгендерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар семинардың кәсібилігін, тәжірибемен бөлісудегі қызықты әдістер мен формасын ерекше атап өтті.