«Өмірдің құндылығы» атты суицидті алдын-алу бағытында үздік бейне өңдеу педагогикалық идеялар қалалық байқауы өтті
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының әдістемелік қызмет бөлімі қала педагог-психологтар арасында Өскемен қаласы бойынша «№ 12 мектеп - гимназиясы» КММ-нің аясында «Өмірдің құндылығы» атты өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу бағытындағы ең үздік бейне өңдеу педагогикалық идеялар байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты:қала мектептері педагогтерінің шығармашылық қабіліеттерін ашып, білім беру үрдісінде оқушылардың өз-өзіне қол жұмсау бағытының алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсауға қарсы тұруды қалыптастырудағы жаңа педагогикалық идеяны қолдау және тарату.
Мектеп педагог-психологтары өздерінің осы бағытта әзірлеген авторлық бағдарламалары мен, видео – әдістемелік құралдарын қолжетімді форматта қорғады.
Эксперттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тамаша әзірленген сайыс жүлдегерлері анықталды: Гарифуллина Г.М.(№3лм), Нурканова Г.Т(№36 ом), Бадисолтанова Р.А.(№16 ом),Колнурова К.Д.(№3лм), Чурикова Е.Г. №36 ом).