Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2022 жылдың 27 сәуір күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, қала мекептерінің директорларымен Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№ 46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына семинар-кеңес ұйымдастырды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Асқар Арыстан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Бекбаева Гульнур Айткурмановна мектеп бітіру кештерін өткізуге және мұғалімдерге сыйлықтар беруге ақша жинауға қатысты ақпаратпен таныстырды.