Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Күншуақты жаз» жазғы демалыс алаңы

Оқушылардың шығармашылық сарайы жазғы демалысты бірге өткізуге шақырады!
«Күншуақты жаз» жазғы демалыс алаңының жұмысы 30.05.22-15.07.22ж. аралығында.
Жазғы демалыс алаңының жұмыс бағдарламасына мыналар кіреді:
• Балаларға кафеде 3 мезгіл ыстық тамақ;
• Келесі бағыттар бойынша сабақтар: вокал, хореография, өнер, бейнелеу өнері, театр, КТК, фотосурет, шахмат, черлидинг.
• Автобуспен қала бойынша экскурсиялар және қала сыртындағы бағдарламалар;
• Көңілді ойындар мен танымдық бағдарламалар, спорттық жарыстар, ойындар мен жарыстар.
Жазғы шығармашылық мектебінің жұмысы
Күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және 14.00-ден 16.00-ге дейін барлық ниет білдірушілер екі сағатқа баланы әкеле алады, онда төрт бағыт бойынша сабақтар өткізіледі:
1. Вокал, хореография сабақтары;
2. Сурет өнері мен сәндік қолөнер және театр бойынша сабақтары;
3. Шахмат, компьютерлік технология, фотосурет өнері сабақтары;
4. «Қарым-қатынас жасауға үйренеміз!» психологиялық тренингтері;
Өскемен қаласындағы мектеп жанындағы лагерьлер үшін жазғы шығармашылық мектебіне қатысу ұсынылады, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы бағдарламалар болады :
«Лето на старте», «Большая перемена», «Летние забавы» спорттық-ойын бағдарламалары
«Летний СТАРТтинейджер»көңілді шоу-бағдарламасы
«Fantasy Travel» және «Space Вояж»саяхат ойындары
«Мемлекеттік нышандар күні»
«Бізді қоршаған әлем» «Мир вокруг нас» экологиялық ойын
Қосымша барлық ақпаратты 578626 телефоны арқылы немесе сарайдың http://ukdvorec.kz/ сайтынан алуға болады.