Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Жігер" Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі" МКҚК жазғы кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат

"Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі жазғы кезең бойы қаланың шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу қызметін жүзеге асырады.
Балалар-жасөспірімдер клубтарының педагогтары балалар мен жасөспірімдерді жазғы каникулдарды қызығушылықпен және пайдалы өткізуге шақырады.
Балалар үшін балалар шығармашылығы, зияткерлік даму және балалар фитнесі студиялары жұмыс істейді. Спорттық және ойын алаңдары, STEAM-зертханалары, медиа студиялар, балалар фотосалоны және балалар скалодромы ашық. Балалар туристік бюросы сізді қала мен оның айналасындағы саяхаттарға шақырады. Барлық қатысуға ниет білдірушілер қазақ ұлттық ойындары, дойбы, шахмат, қолданбалы дизайн, бастапқы құрастыру және 3D модельдеу бойынша шеберлік класстарға қатыса алады.
Іс-шаралар анонстарын әлеуметтік желілердегі парақшалардан көруге болады:
Instagram: @uk.odpk.zhiger
Сілтеме: https://instagram.com/uk.odpk.zhiger?igshid=1rzdpxktxzdu9
Facebook: Одпк Жігер
Сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100029820771364