Жазғы демалыс! Көңілді, қызықты, пайдалы!
«Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ-і 1-10- сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында ақысыз, тіл үйрену курстары мен вокалдық-хор үйірмесін жүргізетіндігін хабарлайды.
Тілдер: қазақ тілі, ағылшын тілі
Оқу ұзақтығы: маусым, тамыз. Аптасына 2 рет 40 минуттан.
Топтарда оқыту (10 адамнан артық емес).
Жұмыс формалары: оқу сабақтары, ойындар (интербелсенді, танымдық, коммуникативтік, логикалық, рөлдік, дидактикалық ойындар) қойылым, викториналар, конкурстар. Балаларды топтарға жазу 01-маусымға дейін жүргізіледі.
Мекен-жайымыз: Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй, Достық үйі ғимараты, 200-кабинет.
тел.: 87051107126, 87054441889-қаз., 87055427167-ағылш., 87052188171 – вокал.