«Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шара
«Шығыс Балдырған» ЖШС балабақша-бөбекжайында балалар жылына орай отбасы күніне байланысты «Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шара өтізілді.
Іс-шараның мақсаты: отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
Ата-аналар отбасы құндылығы туралы терең ойларын айтып, әртүрлі пікірлер қозғалды. Отбасы күніне байланысты өткізіліп отырған іс-шара балабақшамыздың ғана емес бүкіл дүйім жұртқа үлгі боларлықтай әсер қалдыру үшін ұйымдастырылды. Әр бала өз ата-анасымен бақытты ғұмыр кешуі үшін жаралған екенін және әр адам болашақ ұрпағы үшін жауапты екенін көрсету. Іс-шара қорытындысы бойынша ата-аналарға әртүрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.