Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Абай оқуларына қатысуы туралы

Биылғы оқу жылында қалалық Абай оқуларында "Абайдың қара сөздері" аталымы бойынша М.Шаяхметов атындағы 23 орта мектебінің  10 "К" сынып оқушысы Дәулетов Әділет  l орынды жеңіп алған еді. Мамырдың 19-20 күндері Абай ауданы, Қарауыл ауылында өткен облыстық кезеңде  Әділет lll орынды жеңіп алды. Дарынды оқушыны жетістікке жетелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстазы Жолмағанбетова Нурзия Орынбековнаға және осындай бала тәрбиелеп өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдіреміз.