Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Соңғы қоңырау-2022

2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты асыға күткен соңғы қоңырау мерекесі Ахмер орта мектебінде салтанатты жиын түрінде атап өтілді. Мерекелік іс-шарада биылғы жылдың түлектері алтын үя мектебіне арналған қоштасу әнін айтып, соңғы вальстерін биледі. Сонымен қатар сүйікті ұстаздарына өлең жолдарын арнады.  Түлектерді мектеп директоры Капжапаров Асқар Зейнелкабденұлы, ШҚТУ өкілі, техникалық ғылым кандидаты Брим Татьяна Федоровна, ата-аналар құттықтап, жарқын болашақ тіледі.

Соңғы қоңырау соғу құрметі әдеттегіден ерекше 11-сыныптың барлық оқушылары мен 1-ші сыныптың бірнеше бүлдіршіндеріне тапсырылды.

Барлық мектеп оқушыларына мазмұнды  да көңілді жазғы демалыс, ал мектеп түлектеріне ҰБТ сәтті тапсырып, қалаған оқу орындарына түсуіне шын жүректен тілек білдіреміз!