Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қош бол, балабақша

2022 жылдың 24 мамырында №18 «Еркетай» балабақшамызда "Көгершін" мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен "Қош бол, балабақша" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар тәрбиешілері мен ұстаздарға арнаған өздерінің жүрекжарды өлеңдері мен әндерін тарту етті. Ойын барысында балалар  мектепке  дайындық деңгейлерін жан-жақты көрсете білді. Балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған ұл-қыздарымызға  АҚЖОЛ тілейміз!