Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Білім жолы" облыстық зияткерлік марафонына қатысу туралы

Облыстық білім басқарамасына қарасты "Дарын" ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен биылғы Балалар жылына орай "Білім жолы" облыстық зияткерлік марафоны өтті. Іс шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 5-6 жас аралығындағы, яғни мектепалды даярлық тобындағы 200-ге жуық бала қатысты.

Қатысушылар квест-ойын түрінде бағдар парағына сәйкес әр түрлі қызықты кезеңдерден өтті. "#15 Рахат" балабақшасының Балбұлақ және Бүлдіршін топ балаларынан "Балбұлақ" командасы "Жас эрудит" номинацияға ие болды. Шара соңында зияткерлік марафонның барлық кішкентай қатысушыларына облыс әкімінің атынан кеңсе тауарлары салынған сөмкелер, командаларға-грамоталар мен кубоктар, әрбір қатысушыға тәттілер салынған себет сыйға тартылды."Балбұлақ" командасын құттықтаймыз!