Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

3 маусым күні Ахмер орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар кешені өтті. Жазғы мектептің барлық сыныптарында сынып сағаттары, викториналар, дөңгелек үстелдер және т.б. өтті. Сондай-ақ, іс-шараға мектеп жанындағы лагерьдің балалары да қатысты. Оқушылар қалалық  шығармашылық сарайына барып, түрлі сайыстарға, ойындарға араласып,  белсенділік танытты.