Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Негізгі мектепті бітіру және аттестаттарды табыстау туралы

2022 жылдың 5 маусымында қала мектептерінде 9-сыныпта таңдау пәнінен  соңғы емтихан өткізілді.  Ағымдағы оқу жылында қалада негізгі мектепті 9-сыныптың 3360 оқушысы бітіріп, мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтті, оның ішінде 389 оқушылар үздік аттестатпен бітірді.

Әрбір тоғызыншы сынып оқушысының өміріндегі ұмытылмас, қызықты сәт – негізгі жалпы білім туралы аттестаттың алғашқы құжатын табыстау. Алаңсыз балалық шақ, мектептегі еркелік, шулы өзгерістер, қорытынды аттестаттау, ал алдында таңдау жасау тұр – 10 сынып немесе кәсіптік білім. 2022 жылғы 9-16 маусым аралығында қала мектептерінде негізгі мектепті бітіргені туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді.